KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Ақын Жандарбек Бұлғақов «Айтыс» жобасын сынға алды

17.04.2023, 20:23 660 ALTAINEWS

Белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов «Хабар» телеарнасының «Ұйқым келмейді» ток-шоуында «Айтыс» жобасының эфирге таратылу форматын сынға алды.

Әлеуметтік желіде саяси сатира өлеңдерімен танымал «ЖанДауСыр» триосының мүшесі, белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов айтыстың болашағына алаңдайтынын жасырмады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

«Жүрсін ағамыз (Жүрсін Ерманов,-ред.) шама-шарқы жеткен жерге дейін айтыс жобасын дәріптеп алып келді. Ал қазір поезда өкшесінен басып келген туфлиімен сахнаға шығып кететін, ақындарға екі қыз шай құйып отыратын айтыстың заманы өтіп кетті, деп шорт кесті айтыскер ақын.

Жандарбек Бұлғақовтың айтуынша, бұрынғы кездері эфирдегі телеарналар санының санаулы болуы ақындарға тез танымал болуға мүмкіндік берген. Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас ақындардың атын шығару қиын болып тұр. Бүгінде эфирде кем дегенде 80-нен астам телеарна бар. Оларда шоудың түр-түрі көрсетіледі. Соған байланысты айтыстың да форматын заманауиландыру керек. Мықты маркетолог мамандарды тарту қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив