KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

Аман Тасыған Бауыржан Ибрагимовты «қара тізімге» енгізгенін айтты

27.04.2023, 22:00 2 785 ALTAINEWS

Аман Тасыған Бауыржан Ибрагимовты не үшін «қара тізімге» енгізген екен?

Журналист, тележүргізуші Аман Тасыған «Хабар» арнасындағы «Ұйқым келмейді» түнгі шоу бағдарламасында Қазақстандағы алғашқы эстрадалық әзіл-сықақ театрының негізін қалаушы Бауыржан Ибрагимовты не үшін қара тізімге енгізгенін айтып берді, деп хабарлайды  Altaynews.kz сайты.

Бауыржан Ибрагимов ағамыз сұхбатты қайта жазайық деген өтініш айтты. Бұл енді кино емес дубль жасайтын. Сұхбат жарияланып кетті. Ол кісі әлі күнге дейін өкпелі деп ойлаймын. Содан кейін ол кісіні қара тізімге енгізуге тура келді,  деп ашығын айтты Аман Тасыған.

Аманның айтуына қарағанда, Бауыржан Ибрагимовтан сұхбат алу қиын болған. Тіпті бірнеше мәрте қоңырау шалғанын да айтты.

  Ұстатпай жүрген танымал адамдар әлі де бар. Қолға түссе, бұлтартпаймын,  деп әзілдеді Аман Тасыған.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив