KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Қарақат Әбілдина: Асфальтта өскен келінді қаламаймын

30.05.2023, 11:00 3 037 Мадина Амангелдіқызы

Отандық әнші Қарақат Әбілдина өзінің қандай ене болатынын айтып берді.

Жұлдызды жұп Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина «Ұйқым келмейді» түнгі шоу-бағдарламасының қонағы болып, отбасылық ұстанымдары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Әншілердің айтуынша, олар келін түсіруге, құда болуға дайын.

- Мен өте жақсы ене болатынымды білемін. Бірақ асфальтта өскен, ана тілін білмейтін, дәстүрінен мақұрым келінді қаламас едім. Қазақы, таным-түсінігі, тәрбиесі, көргені бар, көзі тоқ келінді Алладан тілеймін. Ең бастысы, қазақтың ұлттық тәрбиесін көріп өскен келін болғаны дұрыс. Ұлым Бекболат қалада туып-өскенмен, оның тәрбиесінде қазақтың иісі бұрқырап тұр. Ол ұлттық құндылықтарды жақсы түсінеді. Оған өз деңгейіндегі қазақылық қасиеті бар қыз бұйырса, жаман болмайды, - деп бөлісті Қарақат Әбілдина.


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив