KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Ұлықпан Жолдасов: Абай Бегейді 3 рет қайтарып жібердім

31.05.2023, 20:38 3 065 Мадина Амангелдіқызы

"Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақ болған әнші Ұлықпан Жолдасов продюсерлік құпиясымен бөлісті.

Ұлықпан Жолдасов  13 жобаның продюсері, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 13 жобаның продюсерімін. Студияма көп әншілер, жастар, ауылдың жігіттері келетін. Ішінен іріктеп, жақсыларын алып қаламын. Бетін қайтарған әншілер де болды. Олардың арасында Абай Бегей де бар. Ол кезінде асаба ағамның музыканты болып тойға шығып жүретін. «Тамашаға» шығаруға дайындығы төмен болған соң 2-3 рет қайтарып жібергенім бар.

Оның айтуынша, Абай Бегейге вокалды әнші Диана Шарапова үйреткен.

 Мен оған Диана Шарапова сені вокалға үйретемін деп келіссе, онда қаласың дедім. Ал егер сенен ештеңе шықпайды десе, онда ауылға қайтасың деп ескерттім. Осылайша, Диана Абай Бегейге ән айтудың қыр-сырын үйретіп, сабақ берген, деп бөлісті Ұ.Жолдасов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив