Өскемен
+14°
небольшая облачность ветер 2 м/с, ЮВ
448.71 479.67 5.52

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

16.06.2022, 15:28 218 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да 16-19 маусым аралығында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» облыстық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
4 күн ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтап, жолын кесетін болады. Сондай-ақ жолдарда, әсіресе түнгі уақытта патрульдік полиция кезекшілікгі артады.

-        Тәртіп сақшылары көлікті мас күйінде басқарумен байланысты ЖҚЕ бұзушылықтарын, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау және ұялы телефон арқылы сөйлесу ережелерін анықтайды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері өңірдегі автокөлік жолдарында 240 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелген, онда 43 адам қаза тауып, 338 азамат түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. 

218
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив