KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Шілдеден бастап ең арзан темекі 400 теңге болады

25.02.2019, 08:21 316

Қазақстанда темекі өндірісі төмендеді. Сондай-ақ шілде айынан бастап ең арзан темекі 400 теңге болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ranking сарапшыларының мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар айында темекі және өзге де темекі өнімдерінің өндірісі өткен жылмен салыстырғанда бірден 33,5 пайызға қысқарды. Айталық бірінші айда 412 миллион дана темекі шығарылды.


Қазақстан 2006 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының қағидаттарын ұстанып келеді. Осыған байланысты  Қазақстанда темекі өнімдерінің қымбаттап келе жатқандығын атап өтті мамандар. Ағымдағы жылдың ақпан айында темекі бағасы 11,3 пайызға өсті.


Сарапшылардың айтуынша, темекі бағасының өсуі жалғасады. Сондай-ақ «Темекіге ең төменгі бөлшек баға белгілеу туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді. Осыған сәйкес темекінің ең төменгі бағасы белгіленді:


2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін 360 теңге;


2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 30 маусымына дейін 380 теңге;


2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін 400 теңге;


2020 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 30 маусымына дейін 420 теңге;


2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін 440 теңге;


2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусымға дейін 460 теңге;


480 теңге 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін;


2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін 500 теңге;


2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 520 теңге.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив