KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді

Фото: oinfo.ru

19.05.2023, 11:30 1 481 Анель Слямғазықызы

Қазақстанда ата-аналар жиналысы енді жаңа форматта өтетін болады.

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналар жиналысын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды бекітті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі online.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұдан былай ата-аналар жиналысы бірнеше түрге бөлінеді: 
ағымдық – үлгерім нәтижелері мен жұмыс жоспарлары талқыланатын дәстүрлі жиналыстар;
нұсқаулық – білім беру ұйымының ережелерін орындауға бағытталған жиналыс;
қорытынды – оқудың белгілі бір кезеңін қорытындылауға бағытталған жиналыс;
тақырыптық – қатысушылардың көпшілігінің мүддесін қамтитын белгілі бір тақырыпқа арналған жиналыс. Бұл жерде білім мекемелерінің өкілі ата-аналарға дәріс оқуы да мүмкін.
   Сондай-ақ құжатта жиналыс өткізудің әртүрлі формасы ұсынылған. Мәселен: World of, brainstorming, ментальді карталар, модерациялық карталар, кейс-технологиялар, пікірталастар, тренингтер, ашық есік күні, дөңгелек үстел, ата-аналар рингі және зияткерлік марафон.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив