KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Ауыл шаруашылығы министрлігі жердің сатылуы туралы ақпаратқа жауап берді

шартты сурет

22.05.2023, 10:25 2 549

Әлеуметтік желілерде қытайлық сайттарда Қазақстанда жер сату туралы хабарландырулар пайда болды деген ақпарат қаптап кеткен-ді.

Бұл ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов жоққа шығарды, деп хабарлайды, Altaynews тілшісі BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанда әлеуметтік желіде жарияланған қытайлық сайтта Жерді сату туралы ақпарат жалған деп мәлімдейміз", – деп жазды М.Теміржанов Facebook-те.

Ол қазақстандық заңнама бойынша шетелдіктерге учаскелер беруге қатаң тыйым салынғанын тағы бір мәрте еске салды.

– Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік немесе жер пайдалану құқығымен, яғни ауыл шаруашылығы жер учаскелерін иелене алмайды, – деп атап өтті Мұрат Теміржанов.

Ол сондай-ақ шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына жекеменшікке және жер пайдалану құқығына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге жол берілмейтінін нақтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив