KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстан халқы қартайып жатыр: егде жастағылардың үлесі 11 пайызға жетті

29.09.2021, 12:15 184

БҰҰ болжамы бойынша әлем елдеріндегі сияқты Қазақстанда да халық саны алда өсіп, 2050 жылға қарай шамамен 24 миллион адамға жетеді, - деп хабарлайды ranking.kz.

Биыл Қазақстан Республикасының халқы 19 миллионнан асты. Бұл орайда халық санының өсуі бала туу мен өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты екенін атап өткен жөн. 2020 жылы өмір сүру ұзақтығы 71,37 жас болды, он жыл бұрын ол 68,45 жас, ал 2000 жылы 65,5 жас болды. Бұл жерде сәбилер мен балалар өлімін, тағы басқа жайттарды ескеру керек. Зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы ерлер үшін 80 жас, әйелдер үшін 82 жас.
Қазақстанда халықтың қартаюы байқалады. Егер 2010 жылы зейнет жасындағы халықтың үлесі 9,9 пайыз болса, 2020 жылы - 11 пайыз. Еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың үлесі керісінше 2010 жылғы 64 пайыздан 2020 жылы 58,3 пайызға дейін төмендеді. Ж. Боже-Гарнье-Э. Россеттің демографиялық қартаю деңгейі бойынша Қазақстан "қартаю алдында" тұр.
Сонымен қатар, еңбекке қабілетті адамға демографиялық жүктеме де өсіп жатыр. Мәселен, Қазақстан Республикасында еңбекке қабілетті 1000 азаматқа еңбекке қабілетті жастан кіші және үлкен 692 адамнан келеді (бір жыл бұрын - 687, ал он жыл бұрын - 555 адам болды.
Дәл осындай жағдай бүкіл әлемде байқалады. БҰҰ болжамы бойынша, іс жүзінде әлемнің барлық елі қартаю процесіне тап болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив