KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Аягөзде әскери оқу-жаттығу

3.04.2021, 15:24 354
Артиллериялық дивизионының тактикалық оқу-жаттығуы
Аягөз гарнизонындағы әскери жаттығу полигонында артиллерия әскери бөлімінің 3-ші артиллериялық  дивизионы штаттық жауынгерлік техникаларымен  тактикалық оқу-жаттығуын орындады.
Бөлім жеке құрамы далалық оқу-жаттығу алаңына ұрыс машиналарымен марш жасап, әскери қызметшілер жауынгерлік іс-қимылдарға даярлықтарын шыңдады. Ұрыс әрекеті ауданына шығып, қорғаныс шараларына қатысты.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты бойынша әр түрлі ұрыс жүзіне жақындатылған тапсырмаларды орындау, шебер және батыл іс-қимылдар жасаумен олардың жауынгерлік әзірлігін тексеру үшін бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімін және далалық дағдысын жетілдірді. Сонымен қатар командирлер мен штабтардың бөлімшелердің атысын басқарудағы, артиллериялық барлау, топогеодезиялық және гидрометеорологиялық қамтамасыз ету бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және де отпен қолдаудағы қарсыластың белсенді радиоэлектрондық және атыс әсері жағдайында олардың жан-жақты қамтамасыз етудегі практикалық дағдылары арттырылды. Жалпы ату тапсырмалары өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылардан орындалды.
«Дивизионның тактикалық оқу-жаттығуы командирлер мен жеке құрамның штаттық атыс құралдарының барлық түрлерінен нақты оқ атумен жауынгерлік міндеттерді орындауды үйренеді. Олар бөлімшелердің көмегімен жауды жоюды ұйымдастыру мен жүзеге асыруда, сондай-ақ олардың арасындағы үздіксіз өзара іс-қимылда тәжірибе алмаса алады» - деді бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Николай Павлов.
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив