KZ
Өскемен
-4°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Ахмерді су басуы мүмкін бе?

25.03.2021, 10:08 280
Ахмер кенті қаланың су тасқыны учаскелерінің бірі болып табылады. Осыны ескере отырып, жағдай үнемі бақылауда. 2019 жылы Омаров көшесінің бойында ұзындығы 2 шақырымнан асатын су бұру каналы орнатылды.

23-24 наурыз аралығында Нұрғалиев көшесі маңында еріген судың жиналғаны туралы дабыл түсті. Су деңгейі аула аумақтарына жетті. Соған қарамастан, тұрғын үйлер мен адамдардың денсаулығына қауіп төнген жоқ. Суды сору және үйлерді құм салынған қаппен қаптау бойынша жедел жұмыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге техника бекітілді.

Қазіргі уақытта екі экскаватор арнаның жағдайын үнемі қадағалап, және оның ағуын қамтамасыз етеді. Суды арнаға бағыттау үшін уақытша ағындарды жасалды. Ауылдағы жағдай бақылауда, су деңгейі төмендеді, барлық еріген су каналға жіберіледі. Адамдардын денсаулығы мен мүлкіне қауіп жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив