KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

ШҚО-да 100-ге жуық адамға алкоголь ішуге тыйым салынды

3.03.2021, 14:35 165

Шығыс Қазақстанда «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтті. Үш күн ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 146 фактісі тіркелген. Іс-шараны өткізу кезінде ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарға ерекше назар аударылды. 

Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері сот тәртібінде құқық бұзушының мінез-құлқына 107 ерекше талап қойылды, оның 93-іне қатысты алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды.

Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша 1362 адамға қатысты қорғау нұсқамасы, 671 адамға ерекше талаптар белгіленді. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (ӘҚБтК-нің 127-бабы) 36 адам тартылды.

- Іс - шара барысында полиция қызметкерлері түрлі санаттар бойынша ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған және қылмыс жасауға бейім адамдарға ерекше назар аударды, - деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нуриев. 

Айта кетсек, 40 қолайсыз отбасы ретінде есепке қойылды, 28 ата-анаға қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтары жөніндегі комиссияға, ал 8-ге қатысты ата-ана құқығын шектеуге материалдар жолданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив