KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.15 483.46 4.86

Өскеменде "Жылдың үздік кәсіпкері"байқауы өтеді

3.03.2021, 12:37 348

 Наурыз айында Өскемен қаласы әкімдігімен 2020 жылдағы жұмыстардың қорытындысы бойынша «Шағын бизнес саласындағы Жылдың үздік кәсіпкері» байқауы өткізілетінін хабарлаймыз. Аталған байқау кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және өткен жылы үлкен жетістікке жеткен және аймақтық экономикалық дамуға қомақты үлес қосқан кәсіпкерлік субъектілерді анықтау мақсатында өткізіледі.

Байқауға Өскемен қаласында тіркелген және 2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Кәсіпкерлік кодесінің 23 және 24 баптарының талаптарына сәйкес келетін шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурс 8 номинация бойынша өткізіледі:

1.     Құрылыс саласындағы үздік кәсіпкер;

2.     Халыққа арналған тауар өндірісі саласындағы үздік кәсіпкер;

3.     Үздік әйел - кәсіпкер;

4.     Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын;

5.     Үздік жас кәсіпкер;

6.     «Үздік сауда кәсіпорны;

7.     «Үздік әлеуметтік кәсіпкер»;

8.     Жылдың үздік кәсіпкері.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 15 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Құрметті кәсіпкерлер байқауға ұсынылатын құжаттар тізімі мен байқауды өткізу шарттарын білу үшін Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласуларыңызға болады (Чехова көшесі, 33, тел: 269-094, 262-284).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив