KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-дан биыл 1500 азамат әскерге алынады

3.02.2021, 11:05 152

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдары 2004 жылы туған ер азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2021 жылы 1500 мыңға жуық азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Еркеш Бекбаевтың, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы Ардақ Әбілмәжінованың қатысуымен өткен брифингте айтылды. Мамандардың айтуынша 18-27 жас аралығындағы денсаулық жағдайы бойынша жарамды және мерзімді әскери қызметке шақыруды заңды түрде кейінге қалдырмаған ер адамдар әскерге шақырылады.

2021 жылы көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 наурыздан басталып, 31 маусымға дейін жалғасады. Көрсетілген кезеңде ҚР Қарулы Күштерінде, ҰҚК ШҚ, ТЖМ және ҚР ҰК әскери бөлімдері үшін командалар құрылатын болады. Медициналық куәландыру мен азаматтарды командаларға іріктеу іс-шаралары облыстық жинау пунктінде санитарлық нормаларды сақтай отырып, міндетті түрде ПТР зерттеуге талдаумен жүргізіледі.

Бұдан басқа, 2021 жылғы қаңтар-наурыз аралығында ШҚО аумағында 2004 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ жасы үлкен, бірақ әлі күнге дейін процедурадан өтпеген азаматтарды әскери есепке тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. 2020 жылы 6500 адам әскери есепке тіркеуге алынды. Жастарды тіркеу кезінде денсаулық жағдайы мен әскери қызметке жарамдылығы, жалпы білім деңгейі мен мамандығы тексеріледі, сондай-ақ дене даярлығының деңгейі анықталады. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив