KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскемендіктер сайлауға ерте келіп дауыс беріп жатыр

10.01.2021, 08:34 211

№29 сайлау учаскелік сайлау комиссиясы Өскемендегі Қасым Қайсенов көшесі -10 мекенжайында орналасқан.


Бүгін таңғы сағат жетіден бері бұл жерде қарбалас.


Елден бұрын ерте келіп дауыс берушілердің саны көп. Сағат 7-00 де мемлекеттік гимн ойнап, сайлау учаскесі салтанатты жағдайда ашыла салысымен, дауыс беру залының аузында адамдар кезекке тұрып қалды десе де болады.


Ерте келіп алдымен дауыс беретіндер, әрине үлкен кісілер. Қазір Өскеменде тұратын, зайсандық зейнеткер Мұратхан Адылқанұлы осы учаскедегі ең алғашқы дауыс беруші ретінде тіркелді.


Ақсақалдың айтуынша, сайлауға түсіп жатқан барлық партияның өз мақсаты, жоспар-жобасы бар.

-Бесеуінің де сайлауалды бағдарламаларымен таныстым. Бірінің артық, бірінің кем тұсы бар дегендей. Бізге керегі – жарқын болашақ, бейбіт - өмір. Біз сияқты зейнеткерлерге ең бастысы - зейнатақымыздың өсіп, еліміздің тыныш болғаны керек,-дейді Мұратхан атамыз.


17-ге енді толған жастар да тұңғыш рет дауыс беруге келді. Сайлау учаскесі орналасқан №38 гимназия түлегі Дина Шерубаева толқып тұрғанын жасырмады. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің студенті атанған Дина үшін сайлауға бару бала кезінен бергі арманы екен.


-Бүгін дауыс беріп тұр ел алдында үлкен жауап кершілікті сезінгендей болдым және дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын, деді ол.


Учаске төрағасы Галина Парубованың айтуынша, барлық карантиндік талаптар мен әлеуметтік қашықтықты сақталған, әзірге ешқандай қиындық жоқ бәрі ойдағыдай өтуде. Дауыс беру залында 3 бақылаушы сайлау барысын қадағалап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив