KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Шығысқазақстандық жас депутаттар зияткерлік ойында жеңімпаз атанды

20.07.2022, 16:04 3 402

«AMANAT» партиясының Өскемен қалалық филиалында «Жастар рухы» жастар қанатының делегаттарының жиыны өтті.

Іс-шара аясында Ақмола облысы Зеренді ауылында өткен кезектен тыс VI съезінің күн тәртібіндегі мәселелер, сондай-ақ АМАНАТ қалалық филиалының қатарына ресми кіру мәселелері талқыланды.

Айтып өтейік, 11-14 шілде аралығында «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өткен. Оған еліміздің барлық облыстарынан 350 делегат қатысып, ұйымдастырылған Зияткерлік ойында Шығыс Қазақстан облысынан 22 қатысушы 1 орынды иеленді.

– Мен үшін осындай деңгейдегі шараға қатысу үлкен мәртебе болды, өйткені түрлі шығармашылық ойындарға қатыстым, эстрада жұлдыздарымен кездестім. Ең бастысы, Зияткерлік ойында облысымыздан 22 қатысушы 1 орынды жеңіп алды, – дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Әкімжан Әзімхан.

WhatsApp Image 2022-07-19 at 17.51.56.jpeg

Глубокое аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жетекшісі Қорлан Тоғамбаеваның айтуынша, съезд «Жас Отан» жастар қанатының атауын «Жастар рухы» деп өзгертуімен, ЖҚ мүшелері құрамының өзгеруімен, Орталық кеңес және ұйымдарды қайта құрудың жаңа бағыттарын бекітімен. есте қалды.

– Съездтің салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар алдында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде өскелең ұрпақ үшін маңызды 3 бағытты атап өтті. Бұл – білімділік, еңбекқорлық және отансүйгіштік, – деп бөлісті Қорлан Толғамбаев.

Жиын соңында «AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының жауапты хатшысы Арайлым Есімбекова қатысушыларға жаңа партия билеттерін табыс етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив