KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Семейде самбодан ҚР чемпионаты өтті

9.04.2019, 06:04 518

Семейде самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Самбо саңлақтарының басын біріктірген байрақты бәсеке күллі қазақ «Кераға» деп құрметтейтін, «Самбо күресінің академигі» атанған Керей Қойшыбектің құрметіне арналды. Қазақ самбосы жайында Керей Қойшыбексіз сөз қозғау әсте мүмкін емес. Самбо күресінен КСРО-ның спорт шебері, Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген бапкер, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, ТМД бойынша еңбегі сіңген өнер және спорт қайраткері, Қазақ КСР-інің ағарту озаты сынды құрметтерін айтпағанда, тәуелсіздіктің елең – алаң тұсында ұлттық құраманың екі шылбыр, бір тізгінін қолына ұстаған Керей Қойшыбекұлы 18 жыл бас бапкер болды. Осы аралықта самбо күресінен жастар мен ересектер арасында өткен дүниежүзілік жарыстарда баптаған талай шәкірттері жеңіс тұғырынан көрінді, жүлдегер атанды. Самбо күресінің бағына біткен бапкер әлі күнге дейін боз кілемнен алыстаған жоқ. Ардагерлер арасында самбо күресінен үш дүркін Әлем чемпионы атанса, дзюдо күресінен бір мәрте осы биікті бағындырды.

Семей спорт академиясының ұжымы, Шығыс Қазақстан облыстық «Спорттық және жауынгерлік самбо» Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бірлесе, ұйымдаса өткізген ел чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. Бұл ретте Мерейғалы Көшкінов, Қайрат Күнсафин, Зекен Шаймарданов, Пәрман Имаханов, Қайрат Чармұхаметов, Шалқар Жоламанов, Біржан Имаханов және Раушан Алпысбаеваның еңбектерін ерекше атап өткен орынды.

Жарыс басталардан бір күн бұрын Семейге «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Рәпіл Жошыбаев келді. Семей спорт академиясына аялдаған Рәпіл Сейітханұлы жарыс өтетін орынды, безендірілу, ұйымдастыру жұмыстарын көріп, жоғары бағасын берді. Осы жерде облыстық һәм қалалық федерациялар, команда жетекшілерімен, төрешілермен, бапкерлермен кеңейтілген жиын өткізді. Мұнда бүгінгі самбо күресінің дамуы, қарқыны, аяқ алысы, бағыт – бағдары, кемшін тұстары, алдағы жарыстар жайы жан – жақты талқыланды.

Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлаған ұлан – ғайыр атыраптан 3 қала, 14 облыстың командасы жиналған соң, жарыстың салтанатты ашылуы 5 сәуір күні түс ауа өтті. Керағаның құрметіне арналғаннан кейін, ағайынды Талғат, Жанат Байшолақовтардан бастап, Сәлкен Жартыбаев, Бауыржан Садыханов, әлемнің үш дүркін чемпионы Асхат Шахаров, әлемнің төрт дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров, Фархат Әбдәлімов, Дінмұхамед Мүсірәлиев сынды еліміздің әр түкпірінде жүрген барша шәкірттеріне сауын айтылған еді. Ұстаздарының мерейін асырып, көңілін тасытып көбі дүбірлі дүрмектің ортасынан табылды. Бапкер қашан да, қай жасқа келсе де кәсіби шеберлігін жоғалтып алмауы тиіс деген қағида ұстанатын Керей Қойшыбекұлы боз кілемге шығып, шеберлігін паш етті. Қол соқпаған, басын шайқамаған адам қалмаған болар. Жетпістен асқан шағында әлі бабында екенін байқатты. Жарыстың ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы келіп қатысты. Қазақы дәстүрмен Керей Қойшыбекұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

- Бүгін қасиетті Семей жерінде үлкен спорттық шарада кездесіп отырмыз. Осынау дүбірлі дода Керей Қойшыбектің құрметіне өткізілуде. Бұл жарыстың Семейде өтуі заңды құбылыс. Бүгінгі жарысқа еліміздің барлық өңірінен бес жүзден астам спортшы қатысуда.

Себебі бұл топырақтан әлемге танымал талай балуан шықты, - деді Ермак Бидахметұлы өз құттықтауында.

Шәкірт жайында сөз қозғадық қой. Алыс – жақыннан ұстаз құрметіне алып – ұшып жеткен шәкірттері де Керағасын кезегімен құшаққа қысып, ыстық ықыластарын білдіріп жатты. Туып – өскен жері Тарбағатай ауданының халқы да құрмет көрсетті. Аудан әкімінің орынбасары Ержан Сабырбаев жерлестерінің сәлемін жеткізді. «Самбо саңлағы» «Самбо күресінің құрметті ардагері» төсбелгілері Керағаның шәкірттері мен бұрын

күрескен самбо майталмандарына берілсе, «Самбо күресінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» төсбелгісі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүретін атымтай жомарт азаматтарға табысталды.

- Жарысқа ерлер, әйелдер және жауынгерлік самбодан 520 спортшы Семей төріне төселген кілемде бақ сынады. Олар 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыстың басты мақсаты 2019 – 2020 жылға команда жасақтау. Алда үлкен байрақты бәсекелер бар. Семейдегі барша ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Керей Қойшыбекұлының Семейдегі шәкірттерінің ұйымшылдығын көрдік, - дейді жарыстың бас төрешісі Әбдісадық Халилаев.

Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау үшін жарыс үш күнге жалғасты. Бағы жанғандар, бабы келіскендер жеңістің биік тұғырынан көрінді. Семей спорт академиясының шәкірттері Руслан Жарқынбаев 82 келі салмақта чемпион атанса, 68 келіде Төлеген Нұрғалиев қола медаль олжалады. Әйелдер арасында 72 келіде Зере Бектасқызы күмістен медаль тақты. Айтпақшы, Керағаның Семейдегі шәкірттері абсалюттік белдесу ұйымдастырды. Семейлік Руслан Жарқынбаев ақтық белдесуде қызылордалық Ғалымжан Әбдірахмановты қапы қалдырып, жеңімпаз атанды. Шымкенттік Нұрболат Майлыбаев қолаға қол созды.

 

Жалпы, жарыс нәтижесі төмендегідей:

 

ЕРЛЕР

 

52 келі салмақта:

 

1. Болатбек Райымқұлов, БҚО

2. Бағлан Ибрагим, Қарағанды облысы

3. Ерасыл Бақыт, БҚО

3. Жасұлан Базарбай, Ақтөбе облысы

 

57 келі салмақта:

 

1. Қайырберді Айдынбай, Атырау облысы

2. Жасұлан Нариманов, Ақмола облысы

3. Ербол Алдухан, Алматы облысы,

3. Әділет Саяжанов, Қарағанды облысы

 

62 келі салмақта:

 

1. Парасат Жұмабай, Атырау облысы

2. Рахат Жаңаниет, Қарағанды облысы

3. Сүйіндік Жұманов, Шымкент қаласы,

3. Санжар Қуатай, Алматы қаласы

 

68 келі салмақта:

 

1. Нұрбол Серіков, БҚО

2. Серікбай Нығмет, БҚО

3. Төлеген Нұрғалиев, ШҚО

3. Сайдур Дадаев, Алматы қаласы

 

74 келі салмақта:

 

1. Анур Қуатай, Алматы облысы

2. Ғалым Әбдірахманов, Қызылорда облысы

3. Саят Сейітқалиев, БҚО

3. Наурызбек Майлашев, Атырау облысы

 

82 келі салмақта:

 

1. Руслан Жарқынбаев, ШҚО

2. Еркебұлан Қалеш, БҚО

3. Айдарбек Тоқтарбек, Түркістан облысы

3. Дәулет Ахмет, Жамбыл облысы

90 келі салмақта:

 

1. Әлібек Зекенов, Нұр – Сұлтан қаласы

2. Әділет Мисин, Ақтөбе облысы

3. Марат Байқамұров, Шымкент қаласы

3. Тимур Сайлаубеков, ШҚО

 

100 келі салмақта:

 

1. Дәулетхан Жақыпов, Жамбыл облысы

2. Жасұлан Мұхаметханов, ШҚО

3. Данияр Мадияр, Шымкент қаласы

3. Шыңғыс Шоқпұтов, Ақтөбе облысы

 

+ 100 келі салмақта:

 

1. Ғалымжан Қырықбай, Жамбыл облысы

2. Талғат Әмренов, ШҚО

3. Сәулет Әбусалихов, Шымкент қаласы

3. Темірлан Көлбай, БҚО

 

ӘЙЕЛДЕР

 

48 келі салмақта:

 

1. Айжан Жылқыбаева, Түркістан облысы

2. Диана Тілеумұратова, Қызылорда облысы

3. Мәлика Алпысбай, Қызылорда облысы

3. Жадыра Пайыз, Түркістан облысы

 

52 келі салмақта:

 

1. Гүлнұр Ерболова, Алматы облысы

2. Аида Ермаш, Қызылорда облысы

3. Жадыра Әміртаева, Жамбыл облысы

3. Назым Әлменова, Жамбыл облысы

 

56 келі салмақта:

 

1. Ажар Кенбейіл, Нұр – Сұлтан қаласы

2. Қымбат Бақыт, Қарағанды облысы

3. Гүлдана Әлмұхамбетова, БҚО

3. Әйгерім Телемгенова, БҚО

 

60 келі салмақта:

 

1. Динара Жұмабаева, Алматы облысы

2. Аққал Өтебек, Алматы қаласы

3. Асылзат Абай, Шымкент қаласы

3. Мөлдір Махамбет, Қызылорда облысы

 

 

64 келі салмақта:

 

1. Ажар Салықова, Қарағанды облысы

2. Гүлдарайым Әлмағанбет, Қызылорда қаласы

3. Алтынай Хабі, Нұр – Сұлтан қаласы

3. Айнұр Нүсіп, Алматы қаласы

 

68 келі салмақта:

 

1. Мариан Урдабаева, Алматы қаласы

2. Айнұр Ақжігітова, Түркістан облысы

3. Аружан Байзақ, Қызылорда облысы

3. Ділдаш Құрышбаева, Алматы облысы

 

72 келі салмақта:

 

1. Перизат Жақыпбекова, Түркістан облысы

2. Зере Бектасқызы, ШҚО

3. Тиана Қалиева, Алматы қаласы

3. Талшын Жұматаева, ШҚО

 

80 келі салмақта:

 

1. Альбина Амангелдиева, Шымкент қаласы

2. Ғалиябану Аманханова, Шымкент қаласы

3. Ақтолқын Сымағанбетова, Жамбыл облысы

3. Назгүл Маратова, СҚО

 

+ 80 келі салмақта:

 

1. Қалжан Тайжанова, Атырау облысы

2. Нұрғаным Тұршабек, Қызылорда облысы

3. Арайлым Әбенова, Алматы қаласы

3. Меруерт Әбубәкір, Қызылорда облысы

 

 

 

 

 

ЖАУЫНГЕРЛІК САМБО

 

52 келі салмақта:

 

1. Нүркен Домбаев, Маңғыстау облысы

2. Бағлан Әбдіразақ, Шымкент қаласы

3. Әмірхан Аманов, Ақмола облысы

3. Руслан Қаражігітов, Қызылорда облысы

 

57 келі салмақта:

 

1. Серікжан Түсүпов, Атырау облысы

2. Темірлан Уразов, Атырау облысы

3. Санжар Әділов, СҚО

3. Еркебұлан Қуанғалиев, Атырау облысы

 

 

62 келі салмақта:

 

1. Амандық Асауұлы, Ақтөбе облысы

2. Мадияр Мақсұтбай, ШҚО

3. Бекзат Әлмахан, Алматы облысы

3. Аманбек Жаманқараев, Қостанай облысы

 

68 келі салмақта:

 

1. Серік Қартабаев, БҚО

2. Ерлан Махмұтов, Жамбыл облысы

3. Бекзат Жасия, Шымкент қаласы

3. Қауар Қасымбаев, Шымкент қаласы

 

74 келі салмақта:

 

1. Даврон Дадаев, Алматы қаласы

2. Айбек Сүлейменов, Нұр – Сұлтан қаласы

3. Абзал Әбеуов, Алматы қаласы

3. Александр Борисов, Ақтөбе облысы

 

82 келі салмақта:

 

1. Асылбек Смайылов, ШҚО

2. Айбек Сәметаев, ШҚО

3. Айбар Қалиев, БҚО

3. Дидар Сахи, Қызылорда облысы

 

90 келі салмақта:

 

1. Умар Янковский, Павлодар облысы

2. Нұртас Жұмағазыұлы, Нұр – Сұлтан қаласы

3. Сергей Котин, Қарағанды облысы

3. Серікжан Сыдықов, ШҚО

 

100 келі салмақта:

 

1. Райхан Мәди, ШҚО

2. Шыңғыс Ізмұханов, Қарағанды облысы

3. Ербол Елеукеев, Нұр – Сұлтан қаласы

3. Ерхан Өміржанов, Алматы қаласы

 

+ 100 келі салмақта:

 

1. Сергей Зубков, Қарағанды облысы

2. Ерлан Нұрманов, Түрксін облысы

3. Жан Сәбит, Қостанай облысы

3. Аманжол Сейтенов, Қарағанды облысы

 

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ, Семей қаласы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив