KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь Штиль
448.89 477.93 4.76

Қазақстан Президенті Түркия басшысын жарқын жеңісімен құттықтады

Фото: ҚР Президенті баспасөз қызметі

29.05.2023, 09:05 3 451

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады.

Бұл жөнінде Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді", – деп жазылған Президенттің құттықтауында.

Еске салайық, жексенбі, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өткен болатын. Түркияның қазіргі іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 52,14 пайыз, ал оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 47,86 пайыз дауыс жинады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив