KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режим қашан басталады?

Фото: ашық дереккөз

29.05.2023, 22:35 3 433

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режимді енгізу тәртібін түсіндірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары кезінде тиісті келісімге қол қойылды. Осыдан кейін екі мемлекет өз ішінде қажетті заңнамалық рәсімдерді жасайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

– Оған біраз уақыт керек, жарты жыл бола ма, екі-үш ай бола ма, соңында екі мемлекет ішкі рәсімдердің аяқталғанын бір-біріне хабарлайды. Содан бастап келісім заңды күшіне енеді. Барлығы екі елдің мемлекеттік органдарына байланысты. Біз өз тарапымыздан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз", – деді А.Смадияров бүгінгі өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстанда осы келісімді бекіту туралы Үкімет қаулысы қабылдануы керек.

Айта кетерлігі, екіжақты келісім бойынша қазақстандықтар Қытайға, ал ҚХР азаматтары Қазақстанға визасыз бара алады. Шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік кезеңде 90 күннен аспайтын мерзімде визасыз жүруге болады. Ал одан ұзағырақ қалу үшін визаны рәсімдеу керек.

Еске салайық, визасыз режим Қытай азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге құқық бермейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив