KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Президент Ердоғанды киелі Түркістанға шақырды

Фото: t.me/aqorda_resmi

29.05.2023, 18:01 3 374

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Мемлекет басшысы Түркия республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы Режеп Тайип Ердоғанның айқын жеңісі оның Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін атап өтті.

Президент бауырлас екі мемлекеттің сан ғасырлық ортақ тарихы мен мәдениетінің тамыры тереңде жатқанын атап өтіп, Түркиямен арадағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Түркия президенті Қазақстан Президентіне алғысын айтып, бауырлас қазақ халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив