KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да 10 мың гектардан астам жерді суаратын тоған іске қосылды

21.12.2021, 12:22 3 459

Үйдене өзені Сауыр жотасынан 2600 метр биіктіктегі солтүстік сілемдерінен бастау алады. Аталған өзен қар мен мұздықтардың суымен толығады.

- Осы жылдың қараша айында "Үйдене бас су тоғаны" қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді. Нысанның қайта жаңғырту жұмыстары 241 бюджеттік бағдарламасы аясында жүрді, - дейді "Қазсушар" РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Рахымжан Нығметжанов.

Енсіз жартасты каньонның арасында орналасқан бөгет қақпасының төменгі жағының ені 50-60 метр, ал төбесінің ені 110 метрге дейін жетеді. Бөгеттің жалпы ұзындығы 60,7 метр, құрылыстың максималды биіктігі 2,6 метрді құрайды.

- Үйдене гидроторабының конструкциясы суқашыртқы бетон-бөгеттен, оң және сол жағалау реттегіштерден және суарма қабырғадан тұрады. Гидротораптың іргетасы "Ленгипроводхоздың" жобасы бойынша 1964 жылы қаланған. Қайта жаңғырту кезінде гидротораптың бас құрылысы, Р3 магистральді каналы және сол жағалау магистральді каналы толығымен жөнделді. Олар арқылы Зайсан ауданының 10252 га жерін суаруға мүмкіндік бар, - дейді "Қазсушар" РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Рахымжан Нығметжанов.

Сонымен қатар, пайдалануға берілген нысан өңірдегі суармалы алқаптарға судың үздіксіз келуін, сәйкесінше, суармалы жерлер көлемінің ұлғаюына мүмкіндік береді. Іске асқан жоба ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мал азығы мен дәнді-дақылдардың өнім қорын молынан жинауға сеп. Бұдан бөлек 2022 жылдың вегетация кезеңінде қосымша тоғыз жұмыс орны ашылуы мүмкін. Жалпы, бұл жоба өңірдегі су тапшылығы мәселесін толықтай шешпек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив