KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

"АУЫЛ" партиясы "Бала нәсібі" атты жаға жәрдемақы төлеуге көңіл бөледі

2.01.2021, 11:30 323

2016 жылы мәслихаттар мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысқан «Ауыл» партиясы алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына толық дайын. Алматы облысында өңірлік 20 қоғамдық штаб өз жұмыстарын жүргізуде. Желілік кесте бойынша кандидаттар мен партия мүшелері сайлауалды бағдарламамызды әр ауылға жеткізіп, «Ауылдан-ауылға!» деген ұранмен көпшіліктің назарына ұсынып жатыр.

Партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісіне 19 кандидат, облыстық және республикалық маңызы бар қалалық мәслихаттарға 98, қалалық және аудандық мәслихаттарға 508 кандидат ұсынып отырған «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының үгіт-насихат тобында Қанат Бекиев, Ақшабай Керімбеков, Қаламқас Исаева, Мақсат Асқаров, Мадина Сейдахметова секілді облыстық мәслихат депутаттығына 5 кандидат және қала мен аудандық мәслихаттарға 75 кандидат бар.

«Ауыл» партиясының үндеуін, ұстанымы мен ұсыныстарын халық арасында кеңінен насихаттауға қажетті кездесулер мен іс-шаралар жоспар бойынша өткізілуде. Халық мүддесін көздейтін, аманат арқалаған кандидаттарымыз әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген сан қилы сұрақтарға жауап беруге дайын. Олар үгіт-насихат жұмысын сайлау заңнамасының шеңберінде ашық та әділ жүргізіп келеді.

 халықтың рухын жаңғырту, мемлекеттік тілді нығайту, отбасы мен ана рөлін арттыру, жастар – өзгеріс факторы, ауылды өркендету – мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты, ауылшаруашылығы – ел экономикасының жүрегі, қуатты кәсіпкерлік – өркендеген ел, сындарлы сыртқы саясат сынды бөлімдер қамтылған. Сондықтан «Ауыл» ХДПП-ның алдында ауылшаруашылығы саласының мәселелері бірінші тұр. Өйткені, еліміздің 8,0 миллион халқы немесе ел-жұрттың 45 пайызы ауылда тұрады әрі аграрлық өндіріс Қазақстан халық шаруашылығының ірі және дәстүрлі саласы саналады.

Бүгінде еліміздегі ірі қара малдың 65пайызы, қой мен ешкінің 61 пайызы, жылқының 54 пайызы жекелеген азаматтардың қолына шоғырланған. Тіпті, мал шаруашылығының жалпы өнімінің 72 пайызын жекеменшік өндіреді. Сондықтан, «Ауыл» партиясы отандық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, өнім өндірушілер мен АӨК субъектілерін кредиттеу кезінде сыйақы мөлшерлемесін 2-4 пайызға дейін төмендету, жанар-жағармайдың және жемшөптің құнын екі есеге арзандату, әрбір балаға арналған жәрдемақының бірыңғай стандартын әзірлеу, «Көпбалалы ана» мәртебесін алу талабын төмендету (3 және одан көп бала), сондай-ақ, көпбалалы аналардың зейнет жасын 53 жасқа толуымен белгілеу арқылы базалық зейнетақы төлеу, оңтайландыру кезеңінде жабылған ауылдық елді мекендердегі медициналық мекемелердің жұмысын жандандыру сынды өзекті мәселелерге баса назар аударады.

Партия көпбалалы отбасыларға арналған тиімсіз, қысқамерзімді төлемдердің орнына кепілдендірілген «Бала нәсібі» жәрдемақысын енгізіп, оны туғаннан бастап 18 жасқа дейін төлеуді партия бағдарламасына енгізіп отыр. Одан бөлек, ұлттық құндылықтарды дамыту мәселесіне де көңіл бөлінеді.

«Ауыл» партиясының билікте, елдің заң шығарушы органында өкілдік етуі – түпкі мақсат емес, біздің бағдарламалық міндеттерімізді іске асыру құралы және ауылдың, яғни, ел азаматтарының жартысына жуығының проблемаларын билікке жеткізу мүмкіндігі. «Ауыл» партиясы күллі елдің әлеуметтік жағдайы жөнінде өткір және кезек күттірмейтін мәселелерді үнемі көтеріп отырады.

Біздің ұранымыз – ауылдан ауылға! Ауылды қолдайтын кез келді!

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының баспасөз қызметі

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив