KZ
Өскемен
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Қазақстанда 12 перинаталдық орталық салынады

Фото: primeminister.kz

7.03.2023, 10:38 226 Мадина Амангелдіқызы

Еліміздің ірі қалалары мен өңірлерінде халық санының өсуіне орай, перинаталдық орталықтар мен ауруханаларда орын тапшылығы байқалады. Осы орайда Үкіметте медициналық мекемелердің жетіспеушілігін толтыру мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде 2024-2026 жылдары перинаталдық  12 орталық салу жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Медициналық жаңа мекемелер Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Орал, Қаскелең қалалары мен Түркістан облысының Темірлан ауылында ашылады.

Оларды жоспарлау және жобалау үшін Health planning халықаралық технологиясы қолданылды. Қазіргі уақытта жер учаскелерін бағалау, медициналық-технологиялық тапсырма мен жобаның негіздемесі сияқты жұмыстар аяқталып қойған екен.

 Өңірлерде заманауи перинаталдық орталықтарды салу балалы болуды жоспарлауға, жүктілікке және босануға, сондай-ақ босанғаннан кейінгі көмек көрсетуге байланысты медициналық қызмет түрлерін сапалы жаңа деңгейге көтереді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив