KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

"Аңсаған сәби": ШҚО-да 239 жұп квота ала алады

9.03.2023, 21:05 340 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да 2022 жылы  "Аңсаған сәби" бағдарламасының арқасында 212 бала дүниеге келді. Мамандардың айтуынша, бағдарламаға кіру қиын емес.

Аймақта өткен жылы бала сүйе алмаған 792 жұп тіркелген. Квота бойынша 293 жұп экстракорпоральды ұрықтандыруға (ЭКҰ) жүгініп, 141 әйел аман-есен босанды. Қазір тағы 122 әйел экстракорпоральды ұрықтандырудан кейінгі жүктілік бойынша есепте тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл өңірде 777 бедеу жұп тіркелді. Олардың 239-ында "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында ЭКҰ алу мүмкіндігі бар, өйткені биыл өңірге сонша квота бөлінді. Мамандардың айтуынша, бағдарламаға кіру қиын емес.

- Пациент көмекші репродуктивті технологиялар бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымды МӘМС шеңберінде  өз бетінше таңдайды. Содан кейін жоғары технологиялық медициналық қызметтер комиссиясының (ЖТМУ) қорытындысын алу үшін тіркелген жері бойынша өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінуі қажет, — дейді ШҚО бойынша отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық жөніндегі үйлестіруші Надира Слямханова.

Учаскелік дәрігер пациентті бедеуліктен зардап шегетін диспансерлік науқастардың (ЭРДБ) электрондық регистріне енгізеді. Тиісті тексеруден өткеннен кейін және бедеуліктің себептерін анықтағаннан соң 12 ай ішінде бейінді маманның қорытындысы негізінде учаскелік дәрігер МӘМС есебінен көмекші репродуктивті технологияларды жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссияға жібереді. Оң шешім қабылданған кезде госпитализация бюросының порталында пациент құжаттардың толық пакетімен тіркеледі. Оған қызметтерді алудың күні мен уақыты айтылады.

Биыл бұл қызметтерді еліміздің жеті өңірінде:  Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында орналасқан 19-ға жуық медициналық ұйым МӘМС аясында тегін көрсетеді.

- Биыл қатысушыларға арналған бағдарламада 42 жасқа дейінгі шектеулер қарастырылған, өйткені әйелдер ресурстары туралы естен шығармау керек, жылдар өткен сайын аналық без қоры азаяды,-деп ескертті Надира Слямханова.


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив