KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Таврияда түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

10.03.2023, 18:57 423 Мадина Амангелдіқызы

Ұлан ауданында «Халықтар достығы – ынтымақ кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Бүгін Ұлан ауданының Таврия ауылдық мәдениет үйінде «Халықтар достығы – ынтымақ кепілі»  атты этнос өкілдерімен дөңгелек үстел отырысы өткізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жиынға аудандағы қоғамдық келісім орталығының этно-мәдени бірлестігіндегі және мемлекеттік тілді оқыту курсында оқып жүрген  этнос өкілдері қатысты. 

 

Шара барысында тіл мәселесі, халықтар достығы, ынтымақ пен бірлік туралы мәселелер қозғалып, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, мемлекеттік  және ағылшын тілдерін оқып үйрену бойынша тілдерді оқыту орталығының оқытушылары ойын түріндегі  әдістемелік сабақ жүргізді.

 

Қатысушыларға қазақша-орысша сөздіктер  және  орысша-қазақша жарнама мәтіндерінің үлгілері жазылған кітапшалар таратылды.

Шараны қатысушылар «Атамекен» әнін орындаумен аяқтады. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив