KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскемен әкімі қаланың кішкентай тұрғынының арманын орындады

16.03.2023, 19:23 330 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен әкімі Жақсылық Омар қаланың кішкентай тұрғынының арманын орындады.

Қызыр есімді бала Наурыз мерекесі қарсаңында шаһар басшысына өз тілегін жолдаған екен. Ал әкім оның өтінішін жерге қалдырмаған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Маған кішкентай Қызыр жазған кезде, мен оның өтінішін бірден орындауды шештім. Енді баланың өз телефоны бар. Сабағыңды жақсы оқып, анаңды қуантып, еліңнің қадірлі азаматы бол, - деді әкім.

 Айта кетсек, 17 наурызда Өскеменде #HappyНаурыз қайырымдылық акциясы басталып, 17 сәуірге дейін жалғасады. Осы ретте қала әкімі кәсіпкерлерді, бизнес өкілдері мен барлық мейірімді жандарды аталмыш акция аясында игі істер атқаруға шақырды.

 - Біз жақсы дәстүр бойынша мереке қарсаңында #НарруНаурыз челленджін қайта іске қосамыз. Қала кәсіпорындарының басшыларына, бизнес өкілдеріне, әріптестеріме, мемлекеттік қызметшілерге және басқа да жүрегі мейірімді адамдарға айтарым, осы күндері біреудің арманын орындайық. Бір-бірімізге көмектесейік. Кішкене көмек болса да, шын жүректен көрсетейік. Осындай сәттермен бөлісіңіздер, бұл көктемде біздің қаламыз бақыт пен сүйіспеншілікке толы болсын,- дейді Жақсылық Омар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив