KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да сегіз ауылға газ тартылады

16.03.2023, 15:01 286 Мадина Амангелдіқызы

Зайсан ауданының сегіз ауылына газ тартылады.

Дайыр, Көкжыра, Қуаныш, Біржан, Сарытерек, Жарсу, Бақасу және Саржыра ауылдарының үйлеріне газ тартылатын болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мемлекет басшысы газ саласының еліміз үшін де, әлемдік энергетика жүйесі үшін де маңызды екенін айтқан еді.

– Газ саласы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын иеленіп отыр. Сонымен бірге еліміз газды жылдан жылға көбірек тұтынуда.  Бірақ, газ өндіру қарқыны оған сай емес. Өнеркәсіп өндірістерін газға көшіретін жаңа жобалар іске қосылуда. Көгілдір отын жағатын тұрғындар саны  көбейіп келеді. Сондықтан газға деген сұраныс арта түседі. Осы сұранысқа сай әрдайым ұсыныс болуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Президенттің тапсырмасын орындау аясында Шығыс Қазақстанның ауылдарын газдандыру мәселесі қолға алынып отыр.

– 2020 жылы Зайсан ауданының осы сегіз ауылына құны 852,5 миллион теңге болатын магистральдық желілерді салу жобасы аяқталған болатын. 52 шақырым жоғары қысымды газ құбыры төселіп, сегіз газреттегіш пункт орнатылған. – деп түсіндірді облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Рузиля Абдурашитова.

Осы ауылдардағы үйлерге газ жеткізу мақсатында былтыр ауылішілік және орамішілік желілер салу жобасы іске аса бастаған. Жобаның құны – 1203,2 милиион теңге. «StroyGazCompany» ЖШС мердігер ұйымымен шарт жасалды. Өткен жылы жоба бойынша 215,0 миллион теңге игеріліп те қойған еді.

Алайда мемлекеттік сатып алу туралы конкурста екінші орын алған компания конкурс қорытындысына келіспей, сотқа шағымданады. Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымынша, былтыр құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылған болатын.

Жуырда сот рәсімдері аяқталып, «StroyGazCompany» ЖШС биыл нысандағы жұмысты жалғастыратын болды, осы мақсатқа 939,0 миллион теңге бөлінді. Жобаға сай ұзындығы 96,5 шақырым ауылішілік және орамішілік желілерді төсеу көзделген. Нәтижесінде 5400 адам табиғи газға қол жеткізетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив