KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

ШҚО-ның бірқатар ауылдарында жаңа шекаралар бекітілді

17.03.2023, 21:11 228 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-ның Ұлан ауданындағы ауылдарда жаңа шекаралар бекітілді

Ұлан ауданының бірқатар ауылдарында жаңа шекаралар бекітілді. Мұндай өзгерістер Мамай батыр, Айыртау, Бозанбай, Таврия, Тарғын, Сағыр ауылдарына болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың айтуынша, оның өз себептері бар.

"Елді мекендердің шекарасын ұлғайту себептерінің бірі - жайылымдық жерлерді жергілікті тұрғындар өз малдарын еш қиындықсыз жаюы үшін  ауыл шегіне қосу", - деп түсіндірді Ренат Құрмамбаев.

2022 жылы жалпы ауданы 21,2 мың га болатын 68 жер учаскесі иесіз жер санатына ауыстырылған екен.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың иесіз немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерлердің бар-жоғын тексеру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін "Колдау" веб-порталында жалпы ауданы 102 мың га болатын 154 жер пайдаланушы анықталды. Аумағы 14,5 мың га болатын 79 жер пайдаланушы жалпы ауданы 86,979 мың га ӨИС базасы бойынша мал басын сәйкестендірді", - деді әкім.

Бұдан басқа, жүргізілген мониторингке сәйкес жер қатынастары бөлімі қосымша 20,1 мың гектарға 21 акт жолдады, барлығы 34,6 мың гектарға 95 тексеру актісі жолданды.

"Сондай-ақ,"Ғарыш Сапары" веб - порталында 894 карточка анықталды, оның 827-сі пысықталып,"ШҚО бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне" жіберілді. Бұдан басқа, республикалық заңнаманы бұза отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланатын 16 субъектіден 20 есе жер салығын өндіріп алу туралы жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде аудан бюджетіне қосымша 3,2 млн. теңге түсті", - дейді аудан әкімі. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив