KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу шаралары - ШҚО

22.03.2023, 17:06 293 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары» шеңберінде микрокредит беру бойынша жұмыстар қалай іске асырылып жатыр?

2022 жылдың қазан айында осы мақсата 6% - бен 1 058 млн. теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл бағдарламаның нысаналы мақсаты - ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін қатысушыларды микрокредиттеу және қатысушыларды микрокредиттеу үшін микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерді қорландыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылдың дамуының берік негізі бола алатынын, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап айтқан болатын. Президент шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр.

Кредиттер беру жөніндегі оператор болып "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы айқындалды. ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, көрсетілген сомаға микрокредиттердің жоспарланған саны 209 бірлікті құрайды.

Микрокредиттер қатысушыға қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану қағидаттарында мынадай шарттарда беріледі:

         1) жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 (жеті) жылға дейін 6 %;

         2) микрокредиттің ең жоғары сомасы - ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда - 8,6 млн. теңгеге дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін-27,6 млн. теңгеге дейін;

3) негізгі борышты және сыйақыны өтеу жөніндегі жеңілдік кезеңі микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Мәселен, 2022 жылдың қараша айында Ұлан ауданы бойынша «Ерасыл» ШҚ жалпы сомасы 13 690 000 теңгеге 25 бас ірі қара, 117 бас ұсақ мал сатып алынған екен.

2023 жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша 646,3 млн.теңге немесе 61% сомасына 130 микрокредит берілді. Сонымен қатар, қазір АКК 74,8 млн. теңге сомасына 10 өтінімді мақұлдауда,186,0 млн. теңге сомасына 25 өтінім қаралуда. Күтілетін игеру - 86%.

2023 жылғы кестеге сәйкес қарыз алушылардан құжаттарды ақпараттандыру және жинау мақсатында АКК және ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері аудандарға барады деп жоспарланып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив