Өскемен
+26°
ясно ветер 1 м/с, С
448.71 479.67 5.52

Полиция департаментінің басшысына сауал жолдай аласыз – ШҚО

25.03.2023, 20:00 127 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығысқазақстандықтар Полиция департаментінің басшысына өз сауалдарын жолдай алады.

ШҚО ПД басшысы Серік Жүнісбеков 31 наурызда облыс тұрғындары алдында есеп береді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл шара 31 наурыз сағат 11:00-де онлайн форматта заманауи коммуникация құралдары мен әлеуметтік желілерді (Instagram: @eastkazpolice) қолдана отырып өткізіледі.

Кездесу барысында әлеуметтік желілер (Instagram: @eastkazpolice) арқылы ұсыныстар мен сұрақтар жолдауға болады.

Қатысу үшін алдын ала 8-7232-23-42-11 телефонына жазылу қажет, сондай-ақ өз сұрағыңызды бейнеконференцбайланыс арқылы кез келген аумақтық полиция органынан қоя аласыз.

 

127
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив