KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
440.92 475.36 4.82

Мамыр айында қанша күн демаламыз?

29.04.2023, 11:03 300 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда мамыр айында үш мемлекеттік мереке атап өтіледі.

Мереке күндерін қоса алғанда мамырда қазақстандықтар барлығы 11 күн демалады екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай бес күн жұмыс істейтіндер үш күн демалады: 29, 30 сәуір (сенбі, жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі). Ал алты күн жұмыс істейтіндерге екі күн демалыс беріледі: 30 сәуір (жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі).

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелеріне орай бес күн жұмыс істейтіндер төрт күн қатарынан демалады: 6, 7, 8, 9 мамыр (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі). Алты күн жұмыс істейтіндер үш күн: 7, 8 және 9 мамыр (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив