KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Өскемен тұрғындары үшін "Таза ойындар" экосенбілігі ұйымдастырылады

фото: ашық дереккөз

6.05.2023, 08:25 357

Бүгін қалалық әкімдік еріктілер ұйымдарымен бірлесіп "Таза ойындар" экосенбілігін өткізеді.

Интерактивті ойын түрінде өтетін тазалық акциясында Үлбі жағалауы бойындағы Астана көшесі, 48/1-ші үйден бастап және одан төменгі мекенжайдағы ғимараттарға қарай аумақты қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Форматы ерекше шарада барлық қатысушылар уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізбек. Ал акция соңында ерекше белсенділік танытқандарға ыстық палау таратылып, естелік сыйлықтармен марапатталады. Шара соңы шағын мерекеге ұласпақ.

Жинау құралдары мен қолғаптарды ұйымдастырушылар сол жерде таратады.

Егер сіз сенбілікке қатысуды шешсеңіз, сізден төмендегі ақпаратты ескеру сұралады.

Қоқысты жинауда мүмкіндігінше мұқият болыңыз!

Өткір шыны мен шприц инелерінен аса сақ болыңыз! Оларды жинау кезінде ғана емес, қапта болған кезде де жарақат алу мүмкін.

  Егер сіз балаңызды өзіңізбен бірге алып жүрсеңіз, оған қауіпсіздік туралы түсіндіріңіз және оны бір минутқа да назардан тыс қалдырмаңыз. Егер қоқыс бұталар арасында алыстау, ыңғайсыз жерде жатса. тырманы қолданыңыз. Сенбілікке ыңғайлы және ауа райына сай киініңіз. Әрқашан шашыңызды жинаңыз, бас киім киіңіз. Мүмкіндігінше киімге кенеге қарсы дәрілік заттарды себіңіз, аяқ киімнің табаны қалың болғаны дұрыс, дейді экосенбілікті ұйымдастырушылар.

"Таза ойындар" экоакциясына қатысуға ниет білдіргендер қазір сағат 10.00-де Астана көшесі, 48/1 мекенжайындағы үйдің жанынан табылыңыздар!

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив