ШҚО-ға Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі келді

Облысқа ресми сапармен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэтрин Лич ханым келді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің м.а. Алмасхан Сматлаев Лич ханымды ҮМЗ, Қазцинк және ТМК сияқты өңірдегі ірі кәсіпорындардың қызметімен таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дәл осы жерде әлемдік өнеркәсіптік қоғамдастық қызығушылық танытатын өнімдер шығарылады. Сонымен қатар бұл компаниялар халықаралық деңгейде өздерінің қабілеттерін, мүмкіндіктерін перспективаларын көрсетті.
Британдық тарап үшін ең бастысы инвестициялық портфельді зерделеу болды, өйткені Фуцильям мұражайында өткен "Ұлы дала алтыны" көрмесінен кейін Ұлыбритания туризм, тау-кен металлургиясы салаларындағы ынтымақтастыққа мүдделі, тараптар "жасыл" және "ақылды" қалалардың жобаларын, білім алмасу мүмкіндіктерін қарастыруға дайын. Бүгінгі таңда бізде Еуропалық қайта құру және даму банкімен алты жоба бар, олар сәтті жүзеге асырылуда.
Кэтрин Лич ханым британдық тарап гидроэнергетикалық ресурстардан металлургияға дейінгі инвестициялық жобалардың барлық пулын, сондай-ақ Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік флагмандарымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.