Ұлыбритания елшісі ШҚО-ның туристік әлеуетіне тәнті болды

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Ұлыбритания елшісі Кэтрин Лич келді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің м.а. Алмасхан Сматлаев Елші ханыммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кеңес басында өңірге бірінші рет ат басын бұрған Кэтрин Личті Алмасхан Сматлаев облыстың табиғаты, туризмі, өнеркәсібімен қысқаша таныстырып өтті.
Өз кезегінде Кэтрин Лич ШҚО-ға келуді көптен бері армандап жүргенін жеткізді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің м.а. Алмасхан Сматлаев өңірдегіуниверситеттердің де Ұлыбритания жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатқаны маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
– Егер біздің университеттер студенттермен алмасу тұрғысынан британдықтармен ынтымақтастық орнатса, біз көмек көрсетуге дайынбыз, – деді А.Сматлаев.
Іс-шара соңында Кэтрин Лич кездесу үшін алғыс айтты. Мәртебелі мейманға естелік сыйлықтар табысталды.