KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

ШҚО энергетиктері жылу құбырларының жай-күйін дрон арқылы тексеріп жатыр

4.01.2024, 17:20 146 Оразай Жеңісұлы

Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментімен бірге заманауи технологияларды пайдалана отырып, өңірдегі жылу тасымалдау жүйелерінің жай-күйіне жан-жақты тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл іске жылу мөлшерін қашықтан өлшейтін арнайы тепловизиялық құралмен жабдықталған квадрокоптер (дрон) пайдаланылады. Тиімді тұсы сол – бұл құрылғы қазіргі қыс мезгілінде қалың қардың салдарынан адамдардың аяғы жете бермейтін, техника өте алмайтын аумақтарды тексеруге мүмкіндік береді. Электронды техника жылу құбырларының жай-күйін анықтап, дәлме-дәл әрі нақты көрсеткіштерді радиотолқындар арқылы мамандарға бірден жөнелтеді.

  

Осындай кешенді жұмыс бүгін Риддер қаласында атқарылып жатыр. Жоспарға сай алдағы уақытта облыстың басқа аудан-қалаларында да жүргізілмек.

Мұндай зерттеу өңірде тұңғыш рет қолға алынып отырғанын атап өткен жөн. Енді мұндай тексерулер тұрақты түрде жүргізіліп тұрмақ. Жылу құбырларынан ақау немесе жылудың кетуі байқалған жағдайда мамандар оны дереу жоюға кірісетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив