KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Бердібек Сапарбаевты еске алу кеші өтеді

Фото: primeminister.kz

5.02.2024, 10:46 237 ALTAINEWS

Облыстық кітапханада «Бердібек Сапарбаев және Шығыс Қазақстан» атты рухани кеш өтеді. Кеш барысында Шығыс жұрты мемлекет және қоғам қайраткері, танымал саясаткер, бірнеше облыстың Құрметті азаматы Бердібек Мәшбекұлы туралы естеліктер айтып, еңбегін еске алмақ, деп хабарлайды Altainews тілшісі.

 

Бердібек Мәшбекұлы Шығыс Қазақстан облысын басқарған уақытта өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамып-өркендеуіне зор үлесін қосып, халықтың ыстық ықыласына бөленген тұлға. Халықтың білікті де қабілетті басшыға деген ерекшы жылы қарым-қатынасы мен оның еңбегіне деген жоғары бағасы осының айғағы.

 

Бердібек Мәшбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. «Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері.

 

Ол 2009-2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды. Бүгінде облысымыздың ел көлемінде өзгелерден ерекшелеп тұрған аналогы жоқ Этноауыл, спорт кешені, Халифа Алтай мешіті, Өскемен қаласының іргесінде бой көтерген «Нұрлыкөш» ауылы, облыстық драма театры, және Қабанбай, Абай Құнанбайұлы ескерткіштері Бердібек Сапарбаев елге қызмет қылған тұста бой көтерген болатын.

 

Бердібек Сапарбаевты еске алу кеші 9 ақпан күні Пушкин атындағы облыстық кітапхана өтеді.

 

 

Қызырбек Дүргінбайұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив