Өскемен
-30°
плотный туман ветер 1 м/с, С
468.9 485.64 7.7

Әрбір қазақстандық өз қабілетін аша алуы үшін барлық жағдай жасалған – Алдияр Әубәкіров

5.10.2022, 12:02 4 0 Ләззат Қанатқызы

Алдияр Әубәкіров, Достық үйі жанындағы ҚХА Төрағасының ШҚО бойынша орынбасары:

- Басқа да қазақстандықтар сияқты менде ҚР Президентінің кезекті Жолдауын асыға күттім. Қасым-Жомарт Тоқаев халқына Жолдауында республика экономикасының тұрақты дамуына кедергісін келтірген ең өзекті сұрақтарға жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау, білім беру сапасын арттыру қажеттілігіне, әсіресе ауылдық жерлерге баса назар аударғаны қуантып отыр.

Менің ойымша, Президенттің Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының жартысын балалардың кәмелетке толғанға дейінгі шоттарына аудару туралы шешімі елдің болашағына стратегиялық инвестиция болып табылады. Бұл қазақстандық оқушылардың шетелге кетуге мүдделі болмайтынын, бірақ өз Отанының игілігі үшін оқып, еңбек ететінін білдіреді.

Жолдауда азаматтық қоғамды мемлекеттік міндеттерді талқылауға және орындауға тарту туралы да айтылады. Бүгінде елімізде әрбір қазақстандық өз қабілеттерін аша алуы үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалуда.

Президент жариялаған барлық бастамаларды толығымен қолдаймын. Енді ең бастысы – жұмыс істеу және ұсынылған реформаларды жүзеге асыру. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив