KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталады

19.03.2019, 04:29 147

 

Азаматтық қоғам істері комитетінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылғы 31 наурызда үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталады.


Осыған орай, мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы, заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында құрылған үкіметтік емес ұйымдарға,

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiне (оқшауланған бөлiмшелерi) уақытылы, соңғы күндерге қалдырмай infonpo.kzсайтында есеп берудің электронды нұсқасын толтыру ұсынылады.


ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы өткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив