KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы туралы

1.11.2022, 09:30 241 Ләззат Қанатқызы

Отбасы банк тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы шеңберінде үй жалдауға көмектеседі.

Бұл бағдарлама кімдер қатыса алады?

⁃ тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына келесі төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алатынын естеріңізге саламыз:

  1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  2. мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  3. жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
  4. көп балалы отбасылар.

Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 37 389 теңге 01.04.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс.

Тағы бір талап – субсидия алуға үміткер депозиті бар, Отбасы банк клиенті болуы тиіс. Жинақ шоты жоқ азаматтар шотты біздің банк кеңесшілері арқылы аша алады. Кеңесшілер тізімімен сілтеме бойынша таныса аласыз: https://hcsbk.kz/ru/network-agents/

Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.

Сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау қағидалары өзгергенін қуана хабарлаймыз!

Енді өтініш берушілер жылжымайтын мүліктің бар-жоғын тексермейді. Яғни, егер Сізге қандай да бір тұрғын үй немесе оның үлесі тіркелген болса, онда бұл бағдарламаға қатысу кезінде кедергі болмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив