ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 2 м/с, СВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Балабақшаға үш жылдан артық барған баланың үлгерімі қатарластарынан басым болады - Асхат Аймағамбетов

11.07.2022, 12:11 15 0 Мадина Амангелдіқызы

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі кезеңде баланы ерте дайындау мен дамытудың маңыздылығы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлің пайымынша, ерте дамудың маңызды екенін елеусіз қалдыруға болмайды. Баланың миы тез дамып, негізгі дағдылар мен мінез-құлық қасиеттері қалыптасады, сонымен қатар ол баланың денсаулығына негіз болады. Мектепке дейінгі мекемеге бару баланың бойында өзін-өзі реттеу, жаңа ортаға бейімделу және топта жұмыс істеу сияқты бірқатар пайдалы машығын дамытуға көмектеседі. Асхат Қанатұлы о сы машықтың барлығы баланың мектепте үлкен жетістікке жетуіне ықпал ететіні дәлелденген ерте оқыту әдебиетіне шолуды ұсынған.

«Халықаралық зерттеулердің нәтижелері балабақшаға барған және ерте жастан жазу мен санауды үйренген балалар мектепте үлгерімі бойынша өз қатарластарынан басым болатынын көрсетеді. Мысалы, PISA-2018 деректері бойынша үш жылдан астам балабақшаға барған оқушылар мектепке дейінгі ұйымдарға бармағандарға қарағанда жоғары нәтиже көрсетеді: оқу сауаттылығы бойынша 20 ұпайға және математика мен жаратылыстану сауаттылығы бойынша 16 ұпайға. Сонымен қатар TIMSS зерттеуінің нәтижелері де балабақшаға барған оқушылардың жақсы нәтиже көрсеткенін дәлелдеді. Мысалы, балабақшаға бармаған 4-сынып оқушылары мен оған үш жылдан астам барғандар арасындағы айырмашылық математикадан 16 балл, ал жаратылыстану пәні бойынша балабақшаға барғандарда 23 балл болды. Ал ата-аналары мектепке дейін жазуды, оқуды және санауды үйреткен 4-сынып оқушылары ата-аналары анда-санда ғана оқуына көңіл бөлген балаларға қарағанда математикадан 15 ұпайға және жаратылыстану пәнінен 25 ұпайға жоғары алған», - деп жазды министр.

Ерте дамыту мен мектепке дейінгі білім берумен қамту еліміздің экономикалық көрсеткіштеріне әсері жағынан да маңызды. Нобель сыйлығының лауреаты Д. Хекманның әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың мектепке дейінгі біліміне жұмсалған бір доллардың экономикалық қайтарымы туралы тұжырымдары кең таралған. Ол мемлекетке 8 (6) доллар пайда әкеледі. Зерттеулерге сәйкес, болашақта баланың көрсеткіштеріне әсер ететін маңызды критерий - ол мектепке дейінгі ұйымның сапасы. «Яғни мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жағдайы мен білім берудің кейінгі кезеңдерінде дамуы үшін оның ерте жастан дамуына назар аудару маңызды екенін көріп отырмыз», - деп түйіндейді Асхат Аймағамбетов.

 

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Бүгін, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Бүгін, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Бүгін, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Бүгін, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Бүгін, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Бүгін, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Бүгін, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Бүгін, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Бүгін, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Бүгін, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Бүгін, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен Кеше, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды Кеше, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады Кеше, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды Кеше, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады Кеше, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады Кеше, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО Кеше, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал Кеше, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО Кеше, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды Кеше, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды