Қазақстандық түлектер қандай мамандықтарды жиі таңдайды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақстандық мектеп түлектері арасында ең сұранысқа ие мамандықтарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Техникалық мамандықтардың ішіндегі ең беделді мамандық – ақпараттық технологиялар (IT). Екінші орында химия және биология, талапкерлердің 18 пайызы осы пәндерге қатысты мамандықтарды таңдайды. Стоматология үшін өте жоғары бәсекелестік бар. Одан кейін педагогикалық мамандықтар сұранысқа ие, - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Білім гранттарын тағайындау үшін құжаттарды қабылдау 13 шілдеде басталады.
Бір конкурстық орынға қанша адам үміткер болады, біз оны алдын ала болжай алмаймыз. Ал, педагогикалық мамандықтарға келсек, шекті баллдың көтерілуі талапкерлер санына әсер еткен жоқ. Өткен жылы бір конкурстық орынға бес адам қатысты, - дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Джарасова.
Сонымен қатар оқыңыз
Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша әдістемелік құралБиылғы ҰБТ талаптары туралы - Ұлттық тестілеу орталығының № 37 филиал жетекшісі Бағлан Данияров«IT-маман болғым келеді». Жалақысы қанша, қай оқу орны үздік оқытады?ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық БАҚ өкілдерімен сұхбаттастыТестілеу төрт рет өткізіледі. Биылғы ҰБТ туралы сізге қажет ақпараттар