Өскемен
-14°
туман ветер 3,1 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

Талапкерлерге бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлінді

7.07.2022, 10:56 14 0 Мадина Амангелдіқызы
Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 73 мыңға жуық грант бөлді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрліктің мәліметінше, гранттардың басым бөлігі "Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары" білім беру бағдарламалары тобына бөлінді, олардың саны – 17 794 грант. Ал "Педагогикалық ғылымдарға" – 10 810 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласына – 9 103 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" бағытына – 6 288 грант тиесілі. Сондай-ақ техникалық бағыттарға ерекше назар аударылып, мемлекеттік тапсырыстың үлесі 60%-не дейін ұлғайды.

Бакалавриатқа түсу үшін 2022-2023 оқу жылында 73 мыңға жуық грант бөлінді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін квоталар саны артты. Көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлер грант алу үшін көбірек мүмкіндіктерге ие болады.

Биыл алғаш рет мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беру грантының жаңа түрі анықталды: "Халықтың тығыз орналасқан және батыс өңірлері жастарының жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған мақсатты білім беру гранты" - бұл Атырау және Маңғыстау облыстарының 10 мың талапкеріне жоғары оқу орындарында білім алу үшін мақсатты гранттар алуға мүмкіндік береді. Мақсатты "Атырау-Маңғыстау" грантына конкурсқа осы жылдың мектеп түлектері қатыса алады. Бұл ретте олар бір уақытта жалпы конкурсқа, оның ішінде "Серпін" байқауына қатыса алмайды.

"Білім гранттары, оның ішінде "Атырау-Маңғыстау" мақсатты грант санының артуына байланысты бүгін тізім жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Талапкерлер берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды деп сенемін", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Магистратураға түсуге 13 мыңнан астам, докторантураға түсуге 1800-ден астам грант бөлінген.

2022-2023 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі Қазақстан білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында келесі сілтемелер бойынша жарияланған:

Баклавриат

Магистратура

Докторантура

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив