Өскемен
-14°
переменная облачность ветер 1 м/с, С
462.36 493.48 5.99

Қазақстанда 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түсті

1.07.2022, 17:20 82 0 Мадина Амангелдіқызы

Елімізде үш айдың ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түсіп үлгерді. Оның ішінде балалардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 1 тамызда аяқталады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін бұл қызмет автоматтандырылған. Барлық құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады. Сондай-ақ ата-аналар құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыра алады.


- «Ата-аналарға құжаттарды тезірек тапсыруға кеңес береміз, өйткені қабылдау 1 тамызда аяқталады. Ал 1 тамыздан бастап мектептерде оқу-тәрбие үрдісін сапалы жоспарлау мен ұйымдастыру, оқулықтарды тарату, сыныптарды қалыптастыру және басқа да ұйымдастыру жұмыстары басталады. Құжат қабылдау басталғанына үш ай өтті және осы уақыт ішінде 320 мыңға жуық өтініш түсті. Оның 82%-ы электронды форматта қабылданды. Сонымен қатар мемлекеттік тілде білім алғысы келетіндердің үлесі бүгінде 70%-ға жуықтады. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіштер Қызылорда (92,4%), Түркістан (89%) және Маңғыстау (87,1%) облыстарында тіркелді», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.


Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады деп болжануда.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив