KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Мектеп директорларының тиімді жұмысына қосымша ақы төленеді

23.10.2019, 11:46 290

Қазақстанда мектеп директорларының тиімді жұмысы үшін айлығына қосымша ақы төленетін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асқар Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

"Педагогтың статусы туралы" заң жобасының тұсаукесерінде сенатор Мұрат Бақтиярұлы мектеп директорларының еңбекақысына қатысты сауал қойған болатын.

Білім және ғылым министрі Асқар Аймағамбетовтың айтуынша, мектеп директорларының 90-110 мың теңге көлемінде айлық алып жүргенін айтты.  Сондай-ақ, ол мектептегі бала санына және әр мектептің басшылығына жүктелетін міндеттердің айырмашылығына, жұмыстарының тиімді-тиімсіздігіне қарамастан, директорлардың еңбекақысының мөлшері бірдей екеніне назар аудартты.

Осыған орай, министрлік заң жобасының аясында директорлардың жұмысының тиімділігіне қарай санат беріп, оқушы санына қарай еңбекақыны дифференциялдауды ұсынып отыр.

-"Мектеп директорында 1-ші санат болса, еңбекақысының үстінен 100 пайыз қосымша ақы алады, 2-ші санат болса – 60 пайыз, 3-ші санат – 30 пайыз. Санаты болмаса, өзінің негізгі айлығын ғана алатын болады", - дейді министрі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив