Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
468.98 493.74 7.59

Студенттер білім беру кредиттерімен қамтамасыз етіледі

25.09.2022, 17:11 14 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстандық студенттер білім беру кредиттерімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Елімізде жоғары білім алуға қолжетімділігін арттыру үшін сараланған гранттар жүйесін енгізуден басқа, жылдық 2-3% - бен жеңілдікті білім беру кредиттерін алу мүмкіндігі де берілетін болады.

Қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер енгізу бойынша жұмысты министерлік әзірлеп жатыр.

Бұл бастама Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордан балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына қаражат аудару тапсырмасы берілген Жолдаудан берген тапсырмаларына жауап береді.

Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сомалар білім алуға пайдаланылуы мүмкін.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив