KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Асхат Аймағамбетов: ШҚО-да білім сапасы жоғары

17.11.2022, 17:20 543 Ләззат Қанатқызы

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ШҚО-ға жұмыс сапарымен келді.

Ол жол бойында бірнеше ауылдық мектептер мен облыс орталығында мектепке дейінгі мекемелерде болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министр облыс мектептерін жабдықтау бойынша қажетті параметрлерге сәйкес келетіндігін атап өтті.

- Десе де, шешуді талап ететін бірқатар мәселелер де бар. Мәселен: ғимараттарға сапалы жөндеу жұмыстары жүгізу мен білім беру мекемелерін цифрландыру, - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Сонымен қатар, министр ШҚО-да білім сапасы басөа облыстарға қарағанда жоғары екенін алға тартты.

- Шығыс Қазақстанда білім сапасы солтүстік аймақтарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мен болған мектептердің әр сыныбында интернет желісіне қосылған компьютерлер бар. Балалармен де жеке тілдестім, - дейді министр.


Сондай-ақ министр өскемендік тұрғындармен кездесіп, олардың білім саласы туралы сұрақтарын мен пікірлерін тыңдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив