Оқушылар жазда ауылға барып тіл үйрене алады – ШҚО әкімі

23 қараша күні облыс әкімдігінің отырысы өтіп, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Отырыс барысында облыс әкімі Даниал Ахметов ауызекі қазақ тілін үйретуге ерекше назар аударып, жаңаша тәжірибелер пайдалану керектігін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, жазда қаладан келген балалар ауылдардағы қазақ отбасыларына келіп, тілдік ортаға енетін тілдік лагерьлер жұмыс істейтін болады. Әр түрлі этностардың өкілдері өз ана тілдерін үйренуі үшін бізде барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді, - дейді облыс әкімі.
Сондай-ақ, білім беру саласындағы цифрландыру мәселесі туралы да сөз қозғады.
- Қазір өңірдің барлық мектептерінде IT және робототехника сыныптары жұмыс істейді, барлық білім беру мекемелері бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған, digital East қосымшасы арқылы ата-аналық бақылау бағдарламасы енгізілуде. Сонымен қатар, біздің оқушыларымызды цифрлық оқыту әлемдік үрдістер мен стандарттарға сай болуы үшін арнайы бағдарлама әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылады, - деп түсіндірді Даниал Кенжетайұлы.
Сонымен қатар оқыңыз
ШҚО-да жазғы тілдік мектептердің жобасы әзірленедіДаниал Ахметов: «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыратын жобаны бастаймыз»ШҚО-ның барлық мектебіне бейнебақылау мен дабыл жүйесі орнатылады Даниал Ахметов: «Қазақ тілін барлығы меңгергісі келеді»Орыс мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту сапасына баса назар аударылады - Даниал Ахметов