KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Қазақстанда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады

Фото: do-centr.ru

24.11.2022, 18:21 345 Мадина Амангелдіқызы

Елімізде алдағы жылдары 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы 3-5 жылда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болатынын айтты, деп хабарлайды  Altaynews.kz тілшісі министрліктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Қазақстанда келесі 3-5 жылда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады. Оның 40-ы қазір 15 ЖОО, 40-тан астам колледжде сабақ беріледі. Төрт мыңнан астам студент жаңа мамандық бойынша дәріс алуда. Ал 95 мамандық өкінішке орай күрт өзгереді  "Мамандықтар атласы" жобасында осы мамандықтарды қарап шықсаңыздар болады", - деді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 120-дан астам мамандық еңбек нарығынан кетеді.

«Мамандықтар атласы» жобасы жайлы https://enbek.kz/atlas/  сайтынан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде толыққанды ақпарат ала аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив