KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Ұлт ұстазының мектебі ұлттық тәрбиені ұлықтады – Өскемен

25.01.2023, 17:23 775 Оразай Жеңісұлы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады» деген еді.

Облыс орталығындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №20 мектептің ұжымы мемлекет басшысының сөзін қаперге ала отырып, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Отбасы – ұлт тірегі» атты рухани кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Іс-шараға аталмыш мектептің түлектері отбасыларымен бірге қатысты.

– Мақсатымыз көне көз қарияларымыз бен жас буын арасында татулық қарым-қатынас қалыптастыра отырып, отбасылық тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды ұлықтау, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анар Иманғалиева.

 

Түлектері ізбасарларымен ұлттық тәрбие, отбасы татулығы жөнінде әңгіме өрбітіп, ой бөлісті. Кездесуде әсем әнге де кезек берілді. Түлектер «Әке-Ана» әнін, Камалиевтар отбасы «Қос бәйтерегім» әнін шырқады.

– Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім ордасынан екі балам түлеп ұшты. Биыл үшінші балам 11 сыныпты тәмамдайды. Бәрі де ұлттық тәрбие мен білімге қанығып өсті десем артық айтқаным емес. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы емес пе? Игі шарадан «болашаққа байыппен баруда мақсатымыз айқын, қадамымыз нық, ісіміз оң болсын!» деген ізгі тілекпен тарқастық, – дейді Айша Көбжасарова есімді ана.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив