KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Риддерде мемлекеттік тілде оқытатын 300 орындық мектеп салынады – ШҚО әкімі

26.01.2023, 15:43 264 Ләззат Қанатқызы

Биыл Риддер қаласында  2 бірей білім ордасы бой көтереді.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен кеңейтілген кеңес  барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жалпы, 2022 жылдың барлық нысаналы индикаторларын орындап, жақсы көрсеткіштерге ие болғанымызды атап өткен жөн. Биылғы жылы басым жобалар мен бағдарламалар бар – бұл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен жүз пайыз қамту, Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу және Тарханка және Топиха ауылдары арқылы Риддерге жол салу. Сондай – ақ, Риддерде "Жайлы мектеп" жобасы аясында мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын 600 орындық, мемлекеттік тілде 300 орындық мектептер салу жоспарлануда . Біз бұрынғы аудан орталықтары мен шекара маңындағы аумақтарға ерекше назар аударатын боламыз, - деді аймақ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив